07:09, 14 Қаңтар 2015 | GMT +5
Алматыдан 342 шақырым қашықтықта Қырғызстан аумағында жер сілкінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ сейсмикалық стансалар желісі 14 қаңтар қаңтар күні Алматы уақытымен сағат 04.54 кезінде жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 342 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан. Жер асты дүмпуінің күші - 10.3. Магнитудасы - 4.6.
Тереңдігі - 0-5 шақырым. Жер сілкінісінің сезілгені жайлы мәліметтер жоқ.