00:32, 01 Қыркүйек 2014 | GMT +5
Алматыдан 415 км жерде жер сілкінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесі 31 тамыз күні жергілікті уақыт бойынша 18:43-те жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің кіндігі Алматыдан 415 км оңтүстік-батысқа қарай Қырғызстан территориясында 10 км тереңдікте болған.
Оның магнитудасы 4,4 балл. Энергетикалық класы - 10.0