05:15, 01 Қаңтар 2016 | GMT +5
Алматыдан 445 шақырым жерде жер сілкінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 қаңтар күні Алматы уақыты бойынша сағат 04.15-те «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі жер сілкінісін тіркеді.

Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 445 шақырым жерде Өзбекстан мен Қырғызстан шекарасы аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11,7, магнитудасы - 5,7. Тереңдігі - 10 шақырым.
Алматыда жер асты дүмпуі сезілген жоқ.