04:53, 12 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Алматыдан 470 шақырым қашықтықта Қырғызстан аумағында жер сілкінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 12 желтоқсан күні Алматы уақыты бойынша таңғы сағат 03:57-де «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі жер сілкінісін тіркеді.
Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 470 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.4, магнитудасы - 4.8. Тереңдігі - 5 шақырым. Сезілгендігі туралы мәліметтер жоқ.