09:40, 09 Ақпан 2021 | GMT +5
Алматыдан 50 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы уақытымен 07:07-де Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 50 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» сейсмикалық станциялар желісіне сілтеме жасап.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде Қазақстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 8.6.
MPV магнитудасы – 3.8.
Эпицентрдің координаттары – 42.93° с. е. 77.40° ш. ұ.
Тереңдігі – 15 км.
Жер сілкінісінің сезілгендігі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): жоқ.