01:51, 27 Маусым 2016 | GMT +5
Алматыдан 518 шақырым жерде жер сілкінді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 27 маусым күні сағат 00:51 минутта «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық стансасы желісі жерсілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 518 шақырым жерде орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық сыныбы - 10,3. Тербелісі - 4,4. Тереңдігі 15 км.
Жерасты дүмпуі Алматыда сезілмеді.