19:27, 20 Ақпан 2016 | GMT +5
Алматыдан 529 шақырым жерде 4,9 балдық жер сілкінісі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда 4,9 балдық жер сілкінісі болды.

«20 ақпанда Алматы уақытымен 18 сағат 56 минут 34 секундта жер сілкінісі тіркелді. Оның ошағы Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 529 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.5, MPV тербелісі - 4,9. Жер сілкінісі ошағының координаттары 38.82° с.е. 74.43° ш.б. Тереңдігі - 200 км», - делінген Алматыдағы «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі хабарламасында.
Жер сілкінісі ел аумағында сезілгені туралы (МSК-64 бағанымен) мәліметтер жоқ.