17:45, 27 Тамыз 2015 | GMT +5
Алматыдан 538 шақырым қашықтықта тағы бір жер сілкінісі тіркелді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 27 тамыз күні Алматы уақыты бойынша сағат 16:27-де «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі жер сілкінісін тіркеді.

Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 508 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.2, магнитудасы - 4,3. Тереңдігі - 5 км.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Алматы уақыты бойынша сағат 16:16-да «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі жер сілкінісін тіркеген болатын. Оның энергетикалық класы - 10.8, магнитудасы - 4,4, тереңдігі - 5 км болған.