18:02, 27 Қараша 2015 | GMT +5
Алматыдан 539 шақырым қашықтықта жер сілкінді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 27 қараша күні сағат 15:13 кезінде жер сілкінісі болды. Бұл мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлгі Ғылым комитетінің Сеймологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі тіркеген.

Тербеліс кіндігі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 539 шақырым жерде Қырғызстан шекарасында болған. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.9 болса, магнитудасы - MPV 4.5, ал тереңдігі 5 шақырымды құраған.