21:37, 26 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Алматыдан 607 шақырым қашықтықта жер сілкінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 26 желтоқсан күні Алматы уақыты бойынша сағат 20.19-де «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі жер сілкінісін тіркеді.

Оның ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 607 шақырым қашықтықта Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10,3, магнитудасы - 4,5. Тереңдігі - 5 шақырым.
Жер асты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.