Алматыдан 661 км қашықтықта жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 19 маусым күні 09 сағат 37 минут 49 секундта жер сілкінісін тіркеді.

Алматыдан 661 км қашықтықта жер сілкінді

Зілзаланың ошағы Алматы қаласынан  оңтүстік батысқа қарай 661 км қашықтықта Тәжікстан аумағында орналасқан. Энергетикалық қуаты 10.7. Магнитудасы 4.6 MPV. Бағыты 38.99° с.е. 71.35° ш.б. Тереңдігі 5 км. Жер сілкінісінің сезілгендігі туралы мәлімет жоқ.