Алматының таулы аумағында жоғалып кеткен ер адам 2 тәуліктен кейін табылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Құтқарушылары Іле Алатауы тауларында жоғалып кеткен ер адамды тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Екі тәулік іздеуден кейін бүгін сағат 15:50-де 1985 жылы туған ер адам Құмбелсу өзенінің шатқалынан табылды.

«Құтқарушылар зардап шеккен адамды жаяу қауіпсіз жолмен Құмбелсу өзені арқылы өтетін көпірге тасымалдауда. Ол жерде жедел жәрдем бригадасы мен Апаттар медицина орталығының қызметкерлері күтіп тұр.Қазіргі уақытта ер адамның жағдайы ауыр. Оны тасымалдау жұмысы тәуліктің қараңғы мезгіліне және тау беткейінің қауіпті тік болуына байланысты қиындады. Құтқару операциясына республикалық жедел-құтқару жасағының 26 құтқарушысы жұмылдырылды. Құтқару жұмыстары шамамен бірнеше сағатқа созылады»,– делінген хабарламада.


Бұған дейін, Алматы тауларында жоғалып кеткен ер адам туралы жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар