Әлішер Ерғали алғашқы қарсыласын айқын басымдықпен ұтты

ПАРИЖ. KAZINFORM – Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін еркін күрестен ел намысын Әлішер Ерғали қорғады.

Әлішер Ерғали
Фото: olympic.kz

Ол алғашқы белдесуінде қарсыласын айқын басымдықпен ұтты 97 келі салмақта сынға түскен отандасымыз бірінші белдесуінде мысырлық Мұстафа Әл-Елсайед Элдерспен күресіп, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Әлішер үшін бұл екінші Олимпиада ойындары.

Естеріңізге сала кетейік, кеше еркін күрестен 125 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Юсуп Батырмырзаев бірінші белдесуінде польшалық Роберт Баранға 4:1 есебімен есе жіберген болатын.

Ал одан 86 келіге дейінгі салмақта Азамат Дәулетбеков алғашқы белдесуінде АҚШ балуаны Аорон Брукске 3:4 есебімен есе жіберсе, 57 келі салмақта Мейрамбек Қартбай алғашқы белдесуде қырғыз балуаны Бекзат Алмазуулынан 1:4 есебімен ұтылды

Генеральный партнер - АО "ФНБ "Самрук Казына"
Партнер - Фонд поддержки спорта Sport Qory

Соңғы жаңалықтар