Алты ел Түркияға 15 іздеуде жүрген адамды берді
АСТАНА. KAZINFORM — АЗЕРТАДЖ агенттігінің хабарлауынша, Түркияның ішкі істер министрі Али Ерликая жексенбі, 8 ақпанда елге іздеуде жүрген қылмыскерлердің жеткізілгенін мәлімдеді.
Министр алты елдің құқық қорғау органдарына, сондай-ақ Интерпол құрылымдарына қылмыскерлерді ұстау және Түркияға беру ісіндегі көмегі үшін алғыс білдірді.
Али Ерликая Анкараға жеткізілген қылмыскерлердің тізімін жариялады.
Олардың қатарында Әзербайжаннан жеткізілген, қасақана адам өлтіру және бір немесе бірнеше адамды жарақаттау айыптарымен іздеуде жүрген Түркия азаматы да бар.
— Қылмыспен күресте Түркияның батыл қадамдары өз нәтижесін беріп жатыр. Қылмыскерлерге ешқандай кешірім болмайды, — деп атап өтті министр.
Айта кетелік Түркия халқы 2023 жылғы 6 ақпандағы жойқын жер сілкінісі құрбандарын еске алды.