Алты жасар баланы қағып кеткен жүргізуші анықталып, қылмыстық іс қозғалды - БҚО

ОРАЛ. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлағанындай, 11 тамыз күні сағат 20.00 шамасында Жәңгір хан көшесі бойында «Зачаган» сауда үйі маңында белгісіз жүргізуші «БМВ» автокөлігімен 2009 жылғы бүлдіршінді қағып кетті.
None
None

БҚО ішкі істер департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, алған жарақаты салдарынан бала оқиға орнында көз жұмса, жүргізуші сол бойда бой тасалаған.

Орал қалалық ішкі істер басқармасы жол-патрульдік полициясы батальоны қызметкерлерінің жедел іс-әрекеті нәтижесінде аталған автокөліктің жүргізушісі, 1991 жылғы Н. есімді азамат анықталып, ұсталды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар