«Алтылықтың» Иранмен алматылық келіссөздері диалогты дамыту қажеттігінен жаңа белгі берді - ресейлік сарапшылар

«Дөңгелек үстелді» ашқан Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Ғалым Оразбақов Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздерді атом қаруынан өз еркімен бас тартқан әлемдегі бірінші және жалғыз мемлекет болып табылатын Қазақстанда өткізу шешімі елдің ядролық қауіпті таратпау саласындағы күштері мен бастамаларының халықаралық мойындалуы болып табылатынын атап өтті.
Өз сөзінде РФ Мемлекеттік думасының депутаты Максим Шингаркин конструктивті диалог болғанын атап өтті, оның барысында қатысушылар Иранның ядролық проблемасына өз көзқарастарын білдіре алды, бұл жаңа оң белгі болды.
«Алтылық» аясында келіссөз процесінің болашағын қарастыра отырып, РҒА Шығыстану институтының профессоры Владимир Сажин ирандық ядролық бағдарлама бойынша айтарлықтай келісімдерге Иранда өтетін алдағы президенттік сайлаудан кейін күтуге болатынын мәлімдеді.
Мамандар болашақта Қазақстанда осы мәселе бойынша Иран, Ресей, АҚШ және қызығушылық танытқан басқа да қатысушы елдердің жетекші сарапшыларын тартумен арнайы халықаралық конференцияны өткізу мүмкіндігін жоққа шығармайды.
Елшіліктің баспасөз қызметінен хабарлағандай, шараға РФ Мемлекеттік Думасының депутаттары, ресейлік саясаттанушылар мен қоғамдық қайраткерлер, таратпау саласындағы сарапшылар, сондай-ақ БҰҰ және НАТО өкілдері қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, 26-27 ақпан күндері Алматыда Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздердің кезекті раунды өтті.