Алуа Балқыбекова әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына үшінші алтынды салды

АСТАНА. KAZINFORM — Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем чемпионатында Алуа Балқыбекова (51 келі) алтын медаль алды.

Алуа Балқыбекова әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына үшінші алтынды салды
Фото: ҰОК

Отандасымыз финалда алтын жүлдені түркиялық Бусеназ Чакыроглумен сарапқа салды. 
Алғашқы екі раундта Алуа жинақы қимылдап, қарсыласына көбірек соққы жұмсады. Нәтижесінде Алуа Балқыбекова әлем чемпионы атанды.

Алуа Балқыбекова 1996 жылы дүниеге келген. Қазірге дейін әлем чемпионатында алтын, күміс, қола медаль алса, екі мәрте Азия чемпионы атағын жеңіп алды. 

Еске салсақ, бұдан бұрын Махмұд Сабырхан (55 келі) мен Санжар Ташкенбай (50 келі) әлем чемпионы атанса, Назым қызайбай (48 келі) күміс жүлдегер болды.

Енді кешкі сессияда Төрехан Сабырхан (70 келі) және Айбек Оралбай (90 келі), Аида Әбікеева (65 келі) Наталья Богданова (70 келі) алтынға таласады

Дүбірлі дода 4-14 қыркүйек аралығында Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатыр. Жекпе-жектер «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетілді.

Әлемнің әр қиырынан келген боксшылар 4-10 қыркүйек аралығында іріктеу кезеңінде бақ сынады. Ал 12-13 қыркүйекте жартылай финалдық, 13-14 қыркүйекте финалдық бәсекелер өтті.

Соңғы жаңалықтар