Алуа Балқыбекова Азия чемпионатының финалына шықты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Иордания астанасы Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Алуа Балқыбекова финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Азия чемпионы, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Алуа Балқыбекова 48 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Фарзона Фозиловамен жекпе-жек өткізді.

Қазақстандық және өзбекстандық боксшылардың кездесуі қашанда қызу өтетіні белгілі. Олимпиада, әлем не Азия біріншілігі болсын, қай құрама медальді көп алады деген бәсекелестік әуелден бар.

Оның үстіне күндізгі сессияда Қазақстаннан үш боксшы финалға шыға алмай қалды.

Алуа бірден ширақ қимылдап, қарсыласынан айласын асырып, дәл соққыларымен тежей білді. Төрешілер де А.Балқыбекованың шеберлігі басым екендігін мойындады – 5:0.

Осылайша, Алуа Балқыбекова Жайна Шекербековадан кейін екінші болып финалға жолдама алды.

Кешкі сессияда сондай-ақ Жазира Орақбаева (52 кг) жапониялық Ринка Киноситемен, Карина Ибрагимова (57 кг) филиппиндік Нести Петесиомен, Дариға Шәкімова тайваньдық Чень Ньен Чиньмен, Гүлсая Ержан (81 кг) вьетнамдық Тхи Хуонг Нгуенмен шеберлік таластырады.

Еске салайық, бүгін Азия чемпионатында 9 қазақстандық боксшының жартылай финалдық жекпе-жектері өтетінін жазған болатынбыз.

Назым Қызайбай Азия чемпионатын қола жүлдемен аяқтады.

Жайна Шекербекова финалға шықса, Мәдина Нұршаева «қоланы» қанағат тұтты.

Қазақстан қоржынына тағы бір қола медальді Ләззат Күнгейбаева алып келді.


Ашық көздерден алынған фото

Соңғы жаңалықтар