Аляскада қуатты жер сілкінісі болды: цунами қаупі бар

АСТАНА. KAZINFORM — Аляска жағалауында 7,2 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі.

Аляска
Фото: earthquake.usgs.gov

АҚШ Геологиялық қызметінің хабарлауынша, Аляска жағалауына жақын маңда 7,2 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді.

Мекеменің мәліметінше, зілзаланың эпицентрі Санд-Пойнт елді мекенінен оңтүстікке қарай 87 шақырым жерде орналасқан. Жерасты дүмпулерінің ошағы 20,1 км тереңдікте болған. Цунами қаупі бар екені ескертілді.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираған ғимараттар жайлы ақпарат түскен жоқ.

Бұған дейін Филиппиннің солтүстігіндегі Илокос-Норте провинциясында 5,8 магнитудалы жер сілкінісі тіркелгенін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар