Аң атамын деп досын атып тастаған адам қамауға алынды

АСТАНА. 13 қараша. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында 35 жастағы ер адам аң аулап жүріп абайсызда өзінің досын атып алған. Бұл қайғылы жағдай жөніндегі хабар Отырар аудандық ІІБ-не келіп түсті, деп хабарлады бүгін өткен брифингте ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.
None
None

Оның мәліметінше, Отырар ауданы Сырдария өзені жанындағы Балтакөл ауылының аумағында достарымен аңға шыққан ер адам байқаусызда 42 жастағы Шымкент қаласының тұрғынын атып өлтірген.

«16 калибрлі қосауыз аңшы мылтығы тәркіленіп алынды. ҚР ҚК-нің 101-бабы бойынша (абайсызда кісі өлтіру) қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасуда», - деп атап өтті ресми өкіл.

Соңғы жаңалықтар