«Аналарға тағзым» орталығы - Бопай, Роза, Әлияның өмірлерінен сыр шертпек

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында салынып жатқан орталық құрылыстарымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласының Батыс-2 шағын ауданындағы құрылыс жұмысымен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев танысты. Жоба құны - 500 миллион теңге. Медициналық мекеме заманауи материалдық-техникалық базамен жабдықталып, ерекше күтімді қажет ететін балаларға әлеуметтік-психологиялық және медициналық көмек көрсетіледі. Әрі Ақтөбеде аутизммен ауыратын балалар орталығын құру жұмыстары да жүріп жатыр. 

«2018 жылды біз «Бақытты балалық шақ» жылы деп жарияладық. Балаларға медициналық көмек беру, ата-аналарды қолдау үшін мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту, аутизмге шалдыққан балаларды қолдау орталықтары мен балалар онкологиялық орталығының құрылысы жүріп жатыр. Бұл үлкен жұмыстың бір бөлігі ғана»,- деді облыс әкімі.

Облыс әкімі қала басшылығына құрылыс нысандарының сапасын мұқият қадағалауды, ал денсаулық сақтау басқармасына орталықтарды медициналық құрал-жабдықтармен және білікті мамандармен қамтамасыз етуді тапсырды.

Жоба «Асыл мирас» қайырымдылық қорының қолдауымен «Аутизм. Бәріне бір әлем» бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Орталық арқылы балалар мен олардың ата-аналарына білікті мамандардан тегін кеңес алады.

Сондай-ақ, Б.Сапарбаев құрылысы жүріп жатқан «Аналарға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие орталығында болды.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, орталықта Бопай ханым, Нұрсұлу Тапалова, Роза Жаманова, Әлия Молдағұлова, Аққағаз Досжанова сынды қазақ әйелдерінің өмірі мен ерліктері көрсетіледі. Экспозициялық залға қажетті материалдар жинақталып жатыр. Кешенде психологиялық жеңілдеу және кеңес беру, қолөнер, жалпы даму, музыкалық тәрбие беру, стилистика мен дизайн, отбасылық жаттығулар өткізетін және тағы басқа кабинеттер орналасады.

Жалпы, орталық қызметі әйел затының отбасындағы рөлін күшейтуге, болашақ аналарды халқымыздың салт-дәстүрін  үйрете отырып, тәрбиелеуге бағытталатын болады. 

null 

Соңғы жаңалықтар
telegram