Анар Жайылғанова мен БҰҰ өкілдері әйелдердің құқығына қатысты мәселелерді талқылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова мен БҰҰ құрылымының өкілдерімен Қазақстандағы гендерлік теңдік, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін арттыру мәселелері бойынша кездесу өткізді. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Кездесуде гендерлік теңдік, елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік өміріне әйелдердің белсенді қатысуы үшін тең мүмкіндіктер жасау мәселелері талқыланды.
Анар Жайылғанова елімізде гендерлік-бағдарланған кадрлық саясат жүргізіліп жатқандығы, барлық деңгейде қызмет бойынша алға жылжу үшін тең бастапқы мүмкіндіктер жасалғанын, стереотиптерді еңсеру мақсатында гендерлік ағарту жұмыстары іске асырылатынын атап өтті.


«Елбасы саясатын жүзеге асыруды жалғастыра отырып, Мемлекет басшысы өзінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасында әйелдердің еңбек құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, гендерлік белгісі бойынша кемсітушілікке жол бермеу, жұмыспен қамтудың икемді нысандарын енгізу, сондай-ақ олардың барлық деңгейлерде және корпоративтік секторда мемлекетті басқаруға қатысуын кеңейту маңыздылығын атап өтті. Қазіргі таңда әйелдер шешім қабылдаудың жоғары деңгейінде - Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, Конституциялық Кеңес пен Орталық сайлау комиссиясы, өңірлердегі әкімдердің орынбасарлары лауазымдарында және мемлекеттік басқарудың барлық сатыларында қызмет атқарады», – деп атап өтті төраға.
Өз кезегінде Қазақстандағы «БҰҰ – Әйелдер» құрылымының өкілі Илейн Конкиевич ханым Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» құрылымының ағымдағы жобалары, оларды іске асыру барысы туралы ақпаратты ұсынды.

Оның айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік жұмыспен қамту саясатының басты бағыттарының бірі ретінде гендерлік теңдікті нығайтуды айқындағаны қуанышты.

Илейн Конкиевич олардың жыныстық тиістілігіне қарамастан, азаматтардың ресурстары мен мүмкіндіктеріне тең қол жеткізуді қамтамасыз етудің бірлескен шараларын қабылдау қажеттігін атап өтті.

Айталық, Илейн Конкиевич ханым адам құқықтары мен заңның үстемдігі, гендерлік мәселелер, демократиялық институттарды дамыту, қайшылықтарды реттеу және превентивті дипломатия саласында 25 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар халықаралық даму саласындағы тәжірибелі маман болып табылады.

МҚІА Төрағасы кездесуге қатысушыларды гендерлік теңдікті қамтамасыз ету бойынша Агенттік тарапынан қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті.

«Агенттік әйелдерді көшбасшылық қасиеттерге оқыту бойынша шаралар қабылдауда, декреттен жұмысқа шығу, қашықтықтан жұмыс мүмкіндіктері қарастырылуда, жұмыс уақытының икемді кестесі енгізілді, әкелер үшін баланы күту бойынша демалыстарды дәріптеуге жеке назар аударылуда», - деп атап өтті А.Жайылғанова.

Тараптар мақсаттарды, міндеттерді және мақсатты индикаторларға қол жеткізуді айқындай отырып, мемлекеттік басқару жүйесінде әйелдер және ерлер үшін тең құқықтар мен мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мәселелері бойынша белсенді ынтымақтастық туралы келісті.


Соңғы жаңалықтар