Анатолий Руденко жүзуден жасөспірімдер Олимпиадасының финалына шықты
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық жүзгіш Анатолий Руденко Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында финалға жолдама алды.
Анатолий Руденко ерлер арасында 200 метрге брасс әдісімен жүзуден өнер көрсетті.
Жерлесіміз іріктеу кезеңінде қашықтықты 2:20.48 уақытта жүзіп өтіп, төртінші орынмен финалға өтті.
Айта кетейік, финал бүгін, 2 қарашада өтеді.
Еске салайық, мұның алдында Фатима Сұпығалиева жасөспірімдер Олимпиадасының алтын медалі үшін күресетінін хабарлаған едік.