Андрей Голубев Рим турнирінің финалында жеңіліп қалды

None
Очиқ манбалардан олинган фотосурат
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Рим челленджер турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші украиналық Денис Молчановпен бірге финалда осы жарыстың екінші ракеткалары, колумбиялық Николас Баррьентос – португалиялық Франсишку Кабральмен бас жүлдені сарапқа салды.

Колумбиялық-португалиялық жұп 6:3, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Бір сағаттан сәл астам уақытқа созылған матч барысында А.Голубев пен Д.Молчанов 1 эйспен ғана көзге түсті. Қарсыластары 5 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Мадрид мастерс турнирінің үшінші айналымына шыға алмағанын жазған болатынбыз.

Қазақстандық теннисші Римдегі турнирдің финалына шықты.

Александр Бублик Мадридте әлемнің жетінші ракеткасына есе жіберді.

Елена Рыбакинаның жұптық сында Мадридтегі қарсыласы анықталды.

Соңғы жаңалықтар