Андрей Карпович «Қызылжарға» бас бапкер болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық маман Андрей Карпович Петропавлдың «Қызылжар» командасына бас бапкер болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Андрей Карпович «Қызылжарға» бас бапкер болды

Бапкерлер құрамына Юрий Чухлеба, Борис Глушков және Александр Петухов енгізілді.

Андрей Карпович 1981 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Үлкен футболдағы алғашқы қадамын еліміздің «Елімай», «Ертіс», «Қайрат», «Ақтөбе», «Локомотив», «Ордабасы», «Атырау», «Шахтер», «Алтай» командаларында өткізді. Сондай-ақ, Ресейдің «Ростсельмаш» және «Динамо» (Мәскеу) командаларында доп тепті.

2017-2018 жылдарда «Қайрат» командасында бапкер және бас бапкердің міндетін атқарушы болды. 2019 жылдан бері «Оқжетпес» командасының тізгінін ұстады. Былтыр көкшетаулық клуб Премьер-лигада соңғы орынды місе тұтып, бірінші лигаға түсіп қалды.

Естеріңізге сала кетелік, бұған дейін «Қызылжар» командасында бас бапкерлікті молдовалық Вячеслав Руснак атқарды.