Анджелина Джоли Брэд Питті физикалық зорлық-зомбылық жасады деп айыптады

АСТАНА. KAZINFORM – Әлемге әйгілі америкалық актриса Анджелина Джоли бұрынғы күйеуі Брэд Питтке қарсы сотқа жаңа шағым түсірді. Бұл туралы Bazaar басылымы сот материалдарына сүйене отырып хабарлады.

Анджелина Джоли Брэд Питтті физикалық зорлық-зомбылық жасады деп айыптады
Фото: harpersbazaar.com

Айта кетейік, Джолидің адвокаттары Брэд Питттің актриса мен оның балаларына зорлық-зомбылық көрсеткенін айтып, Лос-Анджелес Жоғарғы сотына құжаттарды тапсырған.

Белгілі болғандай, 2016 жылдың қыркүйегінде Брэд Питт Франциядан Лос-Анджелеске қайтып келе жатқанда бұрынғы әйелі мен балаларын қорлаған. The New York Times басылымының жазуынша, Питт балалардың бірін тұншықтырып, екіншісін ұрып, Джолидің басынан ұстап, шайқаған. Анджелинаның осы оқиғадан кейін ажырасуға арыз бергені белгілі болды.

Адвокаттар Питтің Джолиге шабуылы осы оқиғадан біраз бұрын басталғанын айтады.

«Брэд істеген ісі үшін жауапкершілікті өз мойнына алды, бірақ ол жасамаған ісі үшін емес», - деп жауап берді Питтің адвокаты.

Соңғы жаңалықтар