Әнел Сақыш өзбек боксшысына есе жіберді

АСТАНА. KAZINFORM – Әнел Сақыш әлем кубогіндегі екінші жекпе-жегінде өзбек қызына жол берді.

Әнел Сақыш өзбек боксшысына есе жіберді
Фото: ҚР ҰОК

Оның қарсыласы 2024 жылғы Азия чемпионы, өзбекстандық Феруза Казакова болды.

Осымен екінші отандасымыз әлем кубогін аяқтады. Бұған дейін ерлер арасынан 70 келіде Абылайхан Жүсіпов жарыс жолынан шығып қалған еді.

Астанадағы жарыста бүгін қазақстандық алты боксшы сайысқа түседі.

Соңғы жаңалықтар