01:40, 12 Маусым 2022 | GMT +5
Анна Данилина Франциядағы турнирдің чемпионы атанды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында Биаррице (Франция) W60 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыстың бірінші ракеткалары болып тіркелген А.Данилина мен украиналық Валерия Страхова финалда аргентиналық Мария Лурдес Карле - ресейлік Мария Тимофеевамен бас жүлдені сарапқа салды.
Бірінші партияда аргентиналық-ресейлік жұп басымдылық көрсетті - 6:2.
Екіншісінде А.Данилина мен В.Страхова есе қайырды - 6:3. Содан кейін супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды - 14:12.
Тартысты матч сағат жарымға жуық уақытқа созылды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Франциядағы турнирдің финалына шыққанын жазған болатынбыз.