17:01, 23 Маусым 2024 | GMT +5
Анна Данилина Германиядағы жарыстың ширек финалына өтті
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 53-ракеткасы Анна Данилина Бад-Хомбург (Германия) WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты.

Қазақстандық теннисші қытайлық Сюй Ифаньмен бірге бастапқы кездесуін ресейлік Ирина Хромачева — бразилиялық Ингрид Гамарра-Мартинспен өткізді.
Қазақстандық қытайлық жұп 6:4, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Бір сағат 23 минутқа созылған бәсеке барысында олар 1 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.
Ресейлік-бразилиялық дуэт 4 эйс, 1 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті.
Анна Данилина — Сюй Ифаньның ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Бирмингем турнирінің финалына жолдама алғанын жазған болатынбыз.