Анна Данилина Индиан-Уэллс турнирінің финалында есе жіберді

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің  7-ракеткасы Анна Данилина Индиан-Уэллс (АҚШ) WTA 1000 турнирінің  финалында өнер көрсетті.

Анна Данилина Индиан-Уэллс турнирінің финалында есе жіберді
Фото: olympic.kz

А.Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге жарыстың 5-ракеткалары болып тіркелген еді.

Қазақстандық-сербиялық жұп финалда доданың 3-ракеткалары, чехиялық Катержина Синякова – америкалық Тейлор Таунсендпен чемпиондық атақты сарапқа салды. 

Бірінші партияда чехиялық-америкалық жұп тай-брейкте сәтті ойнады – 7:6 (7:4). Екінші сетте Синякова – Таунсенд 3:0 есебімен алға кетті. Дегенмен Данилина – Крунич таразы басын теңестіре білді – 4:4. Бірақ чехиялық-америкалық дуэт матчты тағы бір брейкпен бітірді – 6:4.

Бір сағат 35 минутқа созылған бәсекеде Данилина – Крунич 1 эйс, 1 брейкпен (3 брейк-пойнт) көзге түсті. Қарсыластары 2 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.

А.Данилина соңғы бәсекеде есе жіберсе де, алдағы дүйсенбіде жаңартылатын WTA рейтингісінде спорттық жолында алғаш рет 4-орынға көтеріледі. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Данилинаның екінші рет Индиан-Уэллс турнирінің финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Елена Рыбакина ТОП-10-ға кіретін теннисшілермен болған кездесуде қатарынан 12 матчта жеңіске жетті.

Әмір Омарханов Тунистегі турнирде чемпиондық атақ үшін таласады

Соңғы жаңалықтар
Референдум