Апта аяғында доллар 2 теңгеге арзандады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,92 теңгеге арзандап, 522,19 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 524,32 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 523,77 теңгеден сатып алынады, 525,71 теңгеден сатылады. Еуро 606,47 — 610,61 теңге, ал рубль 6,39 — 6,50 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 74,22 теңгеден сатып алынады, 76,75 теңгеден сатылады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
— доллар 521,62 теңгеден сатып алынады, 528,62 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 604,45 теңге, сату — 614,53 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,39 теңге, сату — 6,54 теңге.
— юань: сатып алу — 74,91 теңге, сату — 78,94 теңге.
Еске салайық, 13 қараша күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,26 теңгеге арзандап, 524,32 теңге болды.