Апта аяғында доллар тағы қымбаттады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.

о
Фото: Александр Павский / Kazinform

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,49 теңгеге қымбаттап, 496,00 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 494,28 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 495,42 теңгеден сатып алынады, 497,78 теңгеден сатылады. Еуро 586,40 – 591,16 теңге, ал рубль 6,35 – 6,46 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 71,34 теңгеден сатып алынады, 74,19 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

- доллар 494,00 теңгеден сатып алынады, 501,00 теңгеден сатылады;

- еуро: сатып алу - 586,00 теңге, сату - 596,00 теңге;

- рубль: сатып алу - 6,35 теңге, сату - 6,65 теңге.

- юань: сатып алу - 72,01 теңге, сату - 76,54 теңге.

Еске салайық, 12 ақпан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,22 теңгеге қымбаттап, 494,28 теңге болды.

 

Соңғы жаңалықтар