Апта аяғында теңге бағамы биржада нығая түсті
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,13 теңгеге арзандап, 494,63 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 495,10 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 494,81 теңгеден сатып алынады, 497,37 теңгеден сатылады. Еуро 583,29 – 588,24 теңге, ал рубль 6,37 – 6,51 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 71,04 теңгеден сатып алынады, 74,66 теңгеден сатылады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
- доллар 493,97 теңгеден сатып алынады, 500,97 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 581,97 теңге, сату - 591,97 теңге;
- рубль: сатып алу - 6,30 теңге, сату - 6,60 теңге.
- юань: сатып алу - 72,40 теңге, сату - 76,80 теңге.
Еске салайық, 5 ақпан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,36 теңгеге арзандап, 495,10 теңге болды.