Аптаның басында мұнай бағасы арзандады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Дүйсенбі күні әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.
16 қараша таңертеңгі сауда барысында Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,75% арзандап, барреліне 95,12 доллар болды.
Америкалық WTI маркалы мұнайдың бағасы 0,50% төмендеп, барреліне 88,12 долларға жетті.
Ал ресейлік Urals маркалы мұнай барреліне 71,39 доллардан саудаланды. Оның бағасы 1,09% арзандады.
Алдыңғы апта сауда қорытындысы бойынша да мұнай бағасы төмендеген еді.
Бұған Ормуз бұғазындағы кеме қатынасына төнген қауіп-қатерлердің сақталуы әсер етті.
Сонымен қатар Халықаралық энергетика агенттігінің (ХЭА) есебі мұнай бағасына қосымша қысым жасады. Агенттік әлемдік нарықтағы мұнай ұсынысының артқанын атап өтті.
Бұл ретте нарық қатысушылары Таяу Шығыстағы жағдайды жіті бақылап отыр. Сенбі күні Иран Ормуз бұғазының шығыс бөлігінде теңіз минасына соғылған мұнай танкері жарылып, кейін өрт шыққанын хабарлады.
Сондай-ақ хуситтер жаңа соққылар туралы мәлімдеуді жалғастырып жатыр. Жексенбі күні олар Эр-Риядтағы Король Халид атындағы халықаралық әуежай мен қаржы орталығына екі баллистикалық зымыранмен соққы жасағанын мәлімдеді.