Әр мектеп 5 күндік оқу күнін дербес айқындауы тиіс - ҚР БҒМ
«Министрлік тарапынан білім беру нысандарына қатысты талаптар бойынша бастама жасалып, өзгерістер енгізілді. Ендігі уақытта сабақ бұрынғыдай 45 минут емес 40 минутқа созылатын болады. Екінші өзгеріс - санитарлық талаптан күндік оқу жүктемесін реттейтін норма толықтай алынып тасталды. Енді санитарлық талап апталық максималды оқу жүктемесін регламенттейді», - деп түсіндірді министрліктен.
Сонымен қатар Білім және ғылым министрлігі апталық оқу жүктемесі деген нені білдіретіндігін де тарқатып берді.
«Ол 1 сыныптан 11 сыныпқа дейін 22-ден 39 сағатқа дейін болады. Күндік максималды оқу жүктемесін әрбір мектеп оны қамқоршылық кеңесімен және ата-аталар комитетінің келісімімен дербес анықтайды. Осылайша, жаңа санитарлық талап 5 күндік оқу аптасын енгізуге мүмкіндік береді», - дейді министрліктен.
Ведомство білім беру жүйесіндегі барлық конструктивті өзгерістер балалардың игілігі үшін жасалып жатқандығын атап өтті.