10:58, 22 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Араб әуе компаниясы екі орындық кереуеті бар ұшақ шығарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Qatar Airways әуе компаниясы әлем бойынша алғаш рет ұшақ салонын екі орындық кереуетке айналатын креслолармен жабдықтады.
Бұл жаңалықтың видеосы Latest News-тің YouTube арнасында жарияланды.
Qsuite деп атаратын жаңа орындықтар лондондық Хитроу әуежайына ұшатын рейстерде қолданылып жүр. Болашақта қызметтің мұндай түрі Париж және Нью-Йорк бағытындағы рейстерде ұсынылмақшы.
Бұдан өзге жаңа бизнес кластағы төрт орташа орындық отбасы немесе достардың бөлек отырып түстенуіне, әңгімелесіп отыруына мүмкіндік беретін орынға айнала алады.