Аралас жекпе-жек шебері Санжар Иманғали Азия ойындарының жүлдегері атанды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Санжар Иманғали Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды.

Санжар Иманғали
Фото: Арлан Олжабай, Қазақстан ҰОК

ҚР ҰОК мәліметінше, спортшы 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде (modern) өнер көрсетті.

Финалда Иманғали өзбекстандық Аваз Анваровпен кездесіп, тартысты жекпе-жекте қарсыласына есе жіберді.

Айта кетейік, Амелина Бакиева Бахрейнде жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Азия ойындарында алтын алды.

Қазақстандық спортшы таеквондодан әлем чемпионатында тарихи жүлде жеңіп алды.

 

Соңғы жаңалықтар