ArcelorMittal Франциядағы филиалдарын жауып тастамақ
АСТАНА.KAZINFORM - ArcelorMittal концерні Франциядағы екі кәсіпорынын жаппақ. Егер кәсіпорындар жабылса 130 жұмыс орны қысқаруы мүмкін. Бұл туралы Kazinform-ның меншікті тілшісі хабарлады.
Францияның Реймс, Денен қалаларындағы өндіріс орындары қысқармақ.
«ArcelorMittal компаниясының қызмет көрсету орталықтарының басшылығы мүшелерді компанияны қайта құру және оның өндірістік қуатын бейімдеу туралы хабардар ету үшін жинады. Бұл жоба Францияның Реймс пен Денен аймақтарындағы ArcelorMittal қызмет көрсету орталықтарының өндіріс орындарын жабуды қамтиды», - деп хабарлады ArcelorMittal France.
Компания қызметінің мәліметінше, ArcelorMittal қызмет көрсету орталықтары және кәсіпорындарға металдар мен минералдарды көтерме сатуға маманданған еншілес кәсіпорнында өндірістік белсенділік күрт төмендеген.
Егер кәсіпорында қысқаратын болса Реймс пен Денендегі кәсіпорындарда тиісінше 100 және 30 жұмыс орнының қысқаруына алып келмек..
Айта кетсек, АрселорМиттал Дюнкерк пен Фос-сюр-Мердегі автомобиль өнеркәсібі мен құрылыс индустриясын болатпен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, тағы бір Michelin компаниясы көлік сатылымының төмендеуіне байланысты Ваннес пен Чолеттегі зауыттарын (1254 жұмыс орны) жабатынын хабарлады.
Жалпы Еуропадағы автомобиль өнеркәсібі құлдырауға ұшырап жатыр, бірінші жартыжылдықта еуропалық автомобиль жабдықтарын жеткізушілер арасында 32 000 жұмыс орнын қысқарту туралы айтылып жүр. Мәселен Германиядағы ең ірі автокөлік өндіруші Volkswagen компаниясының кірісі 64%-ға төмендегені хабарланды.