Ардагерлер Қазақ хандығының 550 жылдығының құрметіне спорттық жарыстар өткізді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Қалалық мектептердің бірінде өткен жарыстарға Қарулы күштер қатарындағы кеңестік жауынгерлер тобының құрамында Германияда әскери қызмет атқарған жауынгерлер қатысты.
None
None

Бұл күні 30-дан астам ардагер волейбол алаңында жарысып, шахмат, үстел үстіндегі теннис және мергендікте бар шеберлігін танытты.

«Қатысушылардың ешқайсысы жүлдесіз кеткен жоқ. Жарыстар достық атмосферасында өтті», - деп хабарлады Германияда әскери қызмет атқарған ардагерлер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Самат Сүйінғарин.

Соңғы жаңалықтар