Археологтар Лондон кеңсесінің астынан ежелгі рим үйін тапты

АСТАНА. KAZINFORM - Археологтар Лондондағы кеңсе ғимаратының астынан ерекше жаңалық ашты: алғашқы рим үйінің қалдықтарын тапты, деп хабарлайды Еuronews.

Археологтар Лондон кеңсесінің астынан ежелгі рим үйін тапты
Фото: MOLA/Mike Codd

Бұл жаңалық Ұлыбритания астанасындағы кейінгі жылдардағы ең маңызды археологиялық олжа болды.

Оған шамамен 2000 жыл, Рим үйі біздің дәуіріміздің 70-80-жылдарының басында салынған және Лондиниумның әкімшілік және әлеуметтік орталығы болған. 

— Бұл жердің маңыздылығы ғимараттың Лондонның коммерциялық, әлеуметтік және экономикалық орталығы болғандығында, - деп түсіндіреді Эндрю Хендерсон-Шварц, MOLA (Лондон археология мұражайы) байланыс бөлімінің басшысы.

Олимпиада бассейнінің көлемімен бірдей екі қабатты ғимараттың іргетасы осы уақытқа дейін бұзылмаған.

Біздің эрамыздың 78-84 жылдары аралығында салынған орталық римдіктердің Ұлыбританияға басып кіруінен бірнеше жыл өткен соң және кельт жауынгері патшайым Боудикканың күшімен Лондиниумның жойылуынан кейін шамамен 20 жыл өткенде салынған.

Қабырғалардан бөлек, қазба жұмыстары кезінде бірнеше жәдігер табылды, оның ішінде көне қала шенеунігінің мөрі басылған шатыр тақтайшасы да бар.

Жерге иелік ететін және жаңа кеңсе мұнарасын жоспарлауға рұқсат алған Hertshten Properties компаниясы ежелгі қалдықтарды ғимараттың дизайнына енгізуге және оларды келушілерге көрсетуге міндеттенді. 

Келушілерге ежелгі орталық қабырғаларын төменнен көруге мүмкіндік беретін шыны еден болады деп жоспарланған. Сонымен қатар азық-түлік дүңгіршектері мен базарларға арналған орын да болады.

— Менің ойымша, өткенді сақтау өте маңызды. Лондонның тез дамып келе жатқан қала екені анық және біздің тез өсіп, көп құрылыс жасап жатқанымыз өте жақсы. Бірақ өткенмен бұл нақты байланыстар бізге қайдан келгенімізді есте сақтауға көмектеседі және бізден бұрынғылармен байланыс сезімін береді, - дейді Хендерсон-Шварц.

Айта кетейік, бүған дейін Нидерландтағы мұражайда жарылыстан кейін көне алтын дулыға ұрланғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар