Әріптесін қаққан жүргізушіні ұстаған Шымкент полицейлері марапатталды

None
None
ШЫМКЕНТ. Қазақпарат - Оңтүстікте әріптестерін қағып, оқиға орнынан ізін суытқан жүргізушіні ұстаған полиция қызметкерлері марапатталды.

Салтанатты жиында облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Асқар Оспанов 27 жастағы жүргізушіні ізін суытпай ұстаған қалалық жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полиция полкінің қызметкерлерін грамота және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Еске салсақ, 3 наурыз күні жол-патрульдік полкінің инспекторы, қатардағы полицей Ғабит Көбеевті қоғамдық тәртіпті күзету кезінде «Киа Церато» автокөлігінің жүргізушісі қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен еді. Соққыдан тәртіп сақшысы ауыр жарақат алған.

Алайда, полиция құрылымдарының жұмылған жұмысының нәтижесінде 15 минут ішінде күдікті жүргізуші ұсталды. Ол 1989 жылы туылған Шымкент тұрғыны болып шыққан. Қазір күдіктінің үстінен қылмысты іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзі қамауда жатыр.

Сондай-ақ, департамент басшылығының ұйғаруымен ішкі істер министрінің атына қатардағы полицей Ғабит Көбеевті үкімет тарапынан марапаттауға ұсыныс жолданды, деп хабарлайды otyrar.kz.
null null

Соңғы жаңалықтар