14:34, 09 Қазан 2025 | GMT +5
Арқалықта тұрғын үйдегі дүкен өртеніп, 10 адам эвакуацияланды
АСТАНА. KAZINFORM — Қостанай облысы Арқалық қаласында бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында азық-түлік дүкенінен өрт шықты, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Оқиға орнына дереу ТЖД бөлімшелері барды. Құтқарушылар түтін басқан үйден 10 адамды, оның ішінде 5 баланы эвакуациялады.
— Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында жарылыс болмады. Дүкеннен үш газ және үш оттегі баллоны шығарылды. Зардап шеккендер жоқ, — делінген хабарламада.
Еске салсақ, Екібастұздың ауылдық аймағында жеке шаруашылықтың үйі мен шаруашылық ғимараттары өртенген. Тілсіз жаудың салдарынан үйде болған 6 адам өртеніп кеткен.