Арман Шаққалиев Сауда және интеграция министрі болып қала береді
АСТАНА. KAZINFORM — Арман Абайұлы Шаққалиев Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі лауазымына қайта тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
— Мемлекет басшысының Жарлығымен Арман Абайұлы Шаққалиев Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Ержан Сәденов Ішкі істер министрі лауазымына қайта тағайындалды.
Бүгін сондай-ақ Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды.
Ал Ғалымжан Қойшыбаев Премьер-министрдің орынбасары — Үкімет Аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.
Артынша Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары болатыны белгілі болды.
Мәди Такиев Қаржы министрлігін басқара береді.
Нұрлан Сауранбаев Көлік министрі, Ерлан Сәрсембаев Әділет министрі болып қайта тағайындалды.
Ал Төтенше жағдайлар министрі лауазымына Мұрат Мұханов келді.