«Армандар әлемі»: Астанада «Тілек ағашы» орнатылды

АСТАНА. KAZINFORM – Астананың Есіл ауданындағы «Керуен» сауда орталығында «Армандар әлемі» атты ерекше «Тілек ағашы» орнатылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Армандар әлемі»: Астанада «Тілек ағашы» орнатылды
Фото: Астана әкімдігі

Мейірімділік пен қайырымдылықты дәріптеуге бағытталған бұл ағаш бұтақтарына балалардың тілектері жазылған QR-кодтар ілінген. Оны сканерлеу арқылы кез келген адам Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында тәрбиеленіп жатқан балалардың тізімімен танысып, бір баланың арманын орындап, сыйлық сыйлай алады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, акцияның басты мақсаты – қоғамды өзара көмек пен қамқорлыққа шақыру.

– Мұндағы әрбір орындалған тілек балаға қуаныш сыйлап қана қоймай, оның жақсылыққа деген сенімін арттырады. Сондай-ақ, Цифрландыру жылы аясында жоба биыл жаңа форматта жүзеге асып жатр. Бұрын тілектер қағазға жазылып ілінсе, қазір олар заманға сай әзірленіп, QR-код арқылы ұсынылады. Осылайша қайырымдылыққа қатысуды барынша ыңғайлы әрі қолжетімді етті, - дейді ұйымдастырушы Есіл ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Құралай Серікқызы.

Осыған дейін елордада қазақтың байырғы өмір салтын көрсететін көрме ашылғанын хабарлағанбыз. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум