Армения алдағы жылдары Ресей шекарашыларының қызметінен бас тартуы ықтимал

ЕРЕВАН. KAZINFORM – Армения алдағы жылдары мемлекеттік шекараларды күзету жауапкершілігін толық өз мойнына алуы керек. Мұны ел үкіметінің басшысы Никол Пашинян мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Еревандағы меншікті тілшісі.

Армения алдағы жылдары Ресей шекарашыларының қызметінен бас тартуы ықтимал
Фото: primeminister.am

Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Никол Пашинян Ресей шекарашыларының осы уақытқа дейін атқарған қызметіне алғыс білдірді.

- Ресей шекарашыларына осы жылдар бойы Армения шекарасында қызмет атқарғаны үшін ризашылығымызды білдіреміз. Алайда алдағы жылдары мемлекеттік шекарамызды қорғау жауапкершілігін толығымен өз мойнымызға алуымыз керек деп есептеймін, - деді Никол Пашинян.

Армения алдағы жылдары Ресей шекарашыларының қызметінен бас тартуы ықтимал
Фото: primeminister.am

Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметіне қарасты Шекара қызметі 1992 жылдан бері Арменияның Түркия және Иранмен мемлекеттік шекарасын күзетіп келеді. Дегенмен 2024 жылы ресми Ереван «Звартноц» халықаралық әуежайындағы шекара бақылау бекетінің жұмысын өз бетінше қамтамасыз ету туралы шешім қабылдады. Сонымен бірге былтыр 1 қаңтардан бастап Иранмен арадағы өкізу пункті толық армян шекарашыларының бақылауына өтті.

Бұған дейін Армения мен Түркия өзара қарым-қатынасты жандандыруға ниетті екенін жазып едік.

Сондай-ақ Армения мен Грузия шекараны делимитациялау келіссөздерін қайта жандандырды.