Армения мен Румыния стратегиялық серіктестік декларациясына қол қойды

ЕРЕВАН. KAZINFORM – Армения премьер-министрі Никол Пашинян мен Румыния президенті Никушор Дан стратегиялық серіктестік декларациясына қол қойды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Еревандағы меншікті тілшісі.

Армения мен Румыния стратегиялық серіктестік декларациясына қол қойды
Фото: primeminister.am

Құжат Никол Пашинянның Бухарестке ресми сапары барысында қабылданды. Ол екі ел арасындағы қарым-қатынасты жоғары деңгейге көтеруге бағытталған.

Армения мен Румыния стратегиялық серіктестік декларациясына қол қойды
Фото: primeminister.am

Жалпы сапар аясында тараптар ақпараттық технология, энергетикалық инфрақұрылым, қауіпсіздік, институционалдық даму мүмкіндігін талқылап, басым бағыттарды анықтады. Сондай-ақ Румыния Арменияның Еуропа Одағымен жақындасуына, визалық талаптарды жеңілдету үдерісіне және республикада жүргізіліп жатқан реформаларға қолдау білдірді.

Келіссөз қорытындысы бойынша Никол Пашинян мен Никушор Дан экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге және Кавказ аймағымен байланыстарды нығайтуға күш салатындарын атап өтті.

Армения мен Румыния стратегиялық серіктестік декларациясына қол қойды
Фото: primeminister.am

Бұған дейін Армения мен Түркия өзара қарым-қатынасты жандандыруға ниетті екенін жазып едік.

Сонымен бірге Армения мен Грузия шекараны делимитациялау келіссөздерін қайта жандандырды.