Армения мен Түркияның таяу жылдары дипломатиялық қарым-қатынас орнататынына сенемін — Пашинян

ЕРЕВАН. KAZINFORM — Армения мен Түркия таяу жылдары дипломатиялық қарым-қатынас орнататуға ниетті. Бұл туралы Дүниежүзілік армяндар саммитінде сөз сөйлеген премьер-министр Никол Пашинян айтты, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Еревандағы меншікті тілшісі.

Армения мен Түркияның таяу жылдары дипломатиялық қарым-қатынас орнататынына сенемін — Пашинян
Фото: primeminister.am

— Армения мен Түркия әлі дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан жоқ. Алайда мен таяу жылдары екі ел арасында бір-бірінің аумақтық тұтастығын, егемендігі мен шекараларын өзара тану негізінде дипломатиялық қатынас орнатылатынына ниет білдіремін және сенемін, — деді Армения үкіметінің басшысы.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Армения мен Түркия өзара саудадағы кедендік рәсімдерді тікелей жүргізуге көшті.

Қоса кетсек, таяуда Армения премьер-министрі Никол Пашинян елдің Еуропа Одағына кіруге 2027-2028 жылдары өтініш беруі мүмкін екенін айтты.