Армения парламентінде тағы да депутаттар төбелесті
ЕРЕВАН. KAZINFORM — Бүгін Армения Ұлттық жиналысының мәжіліс залында оппозиция және билік партиялары депутаттарының арасында төбелес болды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Еревандағы меншікті тілшісі.
Жанжал «Азаматтық келісім» билік партиясының депутаты Тарон Чахоянның баяндамасы кезінде басталған. Яғни, оның мінберден оппозициялық «Күшті Армения» фракциясының өкілдеріне қатысты айтқан сөздері Нарек Карапетянның наразылығын тудырды. Осыдан кейін депутаттар сөз таластырып, оның соңы төбелеске ұласты.
Тиісінше, Ұлттық жиналыс төрағасы Рубен Рубинян үзіліс жариялап, тікелей эфир көрсетілімін тоқтатты. Бұдан кейін төбелес парламенттің дәлізінде жалғасқан.
Еске салайық, бұл Армения парламентінде болған алғашқы жағдай емес. 6 қазанда да билік және оппозиция партияларының депутаттары арасында болған келіспеушіліктің соңы төбелеспен аяқталған еді.