Арменияның Ресей әскери базасын елден шығару жоспары жоқ

АСТАНА. KAZINFORM - Армениядан Ресей әскери базасын шығару мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. Бұл туралы брифинг барысында Армения Ұлттық жиналысының төрағасы Ален Симонян айтты, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Армения отвергла планы вывода российской военной базы из страны
Фото: Асатур Есаянц/РИА Новости

— Бізде мұндай әңгіме болған жоқ, бұл тұрғыда жаңа ештеңе айта алмаймын, — деді ол.

Сонымен қатар, парламент спикерінің сөзінше, қыркүйекте Армения премьер-министрі Никол Пашинянның Ресей Федерациясына сапары жоспарланған, оның аясында Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу өтеді.

Мамыр айында Армения парламентінің мүшесі Тигран Абрамян Ереван мен Баку Ресей әскери базасын Армения аумағынан шығару туралы келісімге келе алады деп хабарлады.

Ресейдің 102-ші әскери базасы 1995 жылы Мәскеу мен Ереван арасында жасалған мемлекетаралық келісім негізінде Гюмри қаласында орналасқан. Базаны орналастыру туралы келісім мерзімі 2044 жылға дейін ұзартылды.

Бұған дейін Арменияның ЕАЭО-дан шығу жоспары жоқ екенін хабарлаған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар