Арнайы операция барысында 13 тоннадан астам кокаин тәркіленді

АСТАНА. KAZINFORM –  Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі контрабандасының халықаралық арнасын жою бойынша көп сатылы операцияны жүзеге асырды. 

Арнайы операция барысында 13 тоннадан астам кокаин тәркіленді
Фото: ҚР ҰҚК

— Уақтылы қабылданған шаралармен Алматы қаласында республика тарихындағы ең ірі бір реттік салмағы 13 тонна 183 килограмм кокаин есірткі затының партиясы тәркіленді, — делінген ҰҚК хабарламасында.

Осы жүктің бағыты Қазақстан арқылы үшінші елдерге транзит жасауды көздеді.

Есірткі арнасын ұйымдастыруға қатысы бар деген күдікпен екі шетелдік азамат ұсталып, қамауға алынды.

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. 

Айта кетелік ІІМ есірткі сататын чаттар мен сайттардың анонимді оқырмандарын қалай тексеретіні туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар